2026 жылғы 21 шілдеде «Қызылорда қаласының мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығында» қызмет алушыларға құқықтық кеңес беру шарасы өтті.

    2026 жылғы 21 шілдеде «Қызылорда қаласының мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығында» қызмет алушыларға құқықтық кеңес беру шарасы өтті.

    Кездесуге зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А. Бабатаев, №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы М. Базарбай, сондай-ақ Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің басшысы Г. Әбдіқалықова қатысты.

    Іс-шара барысында уәкілетті органдардың өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мүгедектікті белгілеу, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қойған сұрақтарына жауап берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" жаңалықтары