Мендіқара ауданында колледж жұмысшыларының еңбек құқықтарын прокуратура қорғады

    ·

    Қадағалау қызметі барысында Мендікара ауданының прокуратурасы кәсіптік-техникалық колледжде жүйелі бұзушылықтарды анықтады.

    Еңбек заңнамасының талаптарын бұза отырып, жұмыстан босатылған кезде 8 жұмыскерге жыл сайынғы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін жалпы сомасы 200 мың теңгеге өтемақы есептелмегені және төленбегені анықталды.

    Сонымен қатар, практикалық сабақтар мен зертханалық жұмыстарға арналған үй-жайларда, сондай-ақ медициналық кабинетте және тағам блогының түскі ас залында санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптардың өрескел бұзылуы анықталды.

    Қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылды, колледждің 8 қызметкерінің құқықтары қалпына келтірілді, оларға ақшалай өтемақы төленді, колледждің 6 лауазымды тұлғасы жол берілген бұзушылықтар үшін әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Облыстық прокуратура органдарының білім саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы жалғасуда.

    Қостанай облысының прокуратурасы

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары