25 шілде күні елордада адам саудасына қарсы күреске арналған «RUN FOR LIBERTY» ауқымды бұқаралық жүгірісі өтеді.

    ·
    25 шілде күні елордада адам саудасына қарсы күреске арналған «RUN FOR LIBERTY» ауқымды бұқаралық жүгірісі өтеді.

    25 шілде күні елордада адам саудасына қарсы күреске арналған «RUN FOR LIBERTY» ауқымды бұқаралық жүгірісі өтеді.

    Іс-шара Қазақстан Республикасының «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, сондай-ақ 2024–2026 жылдарға арналған адам саудасына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және оларға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, жүгіру жарысы жыл сайын 30 шілдеде аталып өтетін Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай өткізіледі.

    📌 Өтетін күні: 25 шілде.

    📌 Басталу уақыты: 08:00.

    📌 Өтетін орны: Ырыскелді Қажы мешітінің аумағы (Ермек Серкебаев көшесі, 2).

    📌 Қашықтықтар: 4 км және 7,6 км.

    📌 Қатысушылардың жалпы саны: 1700 адам.

    📌 Жас ерекшелігі: 16+. Жүгіруге 16 жасқа толған елорда тұрғындары мен қонақтары қатыса алады.

    📌 Онлайн тіркелу 22 шілде күні сағат 09:00-де reg.elordasport.kz сайтында басталады. Тіркелу қатысушылар саны белгіленген лимитке жеткенге дейін жалғасады.

    📌 Тіркелген қатысушыларға старттық нөмірлерді беру 25 шілде күні сағат 06:00-ден 07:30-ға дейін Ырыскелді Қажы мешітінің аумағында жүргізіледі.

    Адам саудасына қарсы күресті бірге қолдап, салауатты өмір салтын бірге насихаттайық!
    25 шілде күні «RUN FOR LIBERTY» бұқаралық жүгіру жарысында кездескенше!

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары