
🔹 «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 21 шілдеде «Қоғамдық келісім» КММ-де этномәдени бірлестіктердің өкілдері үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша семинар өткізілді. Семинар Әділет департаментінің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Абылай Дәркемен өткізілді.
🔹Семинар барысында Конституциялық заңның күшіне енуіне, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күшін жоюына, сондай-ақ «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге түсінік берілді. Сонымен қатар семинарға қатысушыларға құрылтай құжаттарын заң талаптарына сәйкес келтіру және қажет болған жағдайда 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік қайта тіркеуден өту қажеттілігі түсіндірілді.
Қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі









