Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі аралас мекемесінде әртүрлі қылмыс жасаған азаматтар жазасын өтеп жатыр. Солардың бірі – есірткі қылмысы үшін сотталған 19 жастағы сотталған. Ол бүгінде жасаған қателігіне өкініп, жастарды оңай табысқа қызықпауға шақырады. Сотталғанның айтуынша, қылмыс жасаған кезде ол небәрі 17 жаста болған. Қаржылық қиындыққа тап болған жасөспірім әлеуметтік желі арқылы жұмыс іздеп жүріп, Telegram желісіндегі курьерлік қызмет туралы хабарландыруға тап болған. Ұсынылған жұмыстың психотроптық заттарды заңсыз жасырып, таратумен байланысты екенін біле тұра, оңай ақша табу ниетімен ұсынысқа келісім берген. – Алғашқы күндері бірнеше сағаттың ішінде-ақ 15–20 мың теңге табатынмын. Әр “закладка” үшін 1000–1500 теңге алдым. Сол кезде бәрі оңай көрінді. Бірақ оның соңы полиция қызметкерлерінің қолына түсіп, сот үкімімен алты жылға бас бостандығымнан айырылумен аяқталды. Мен ата-анамның сенімін ақтамадым. Бүгінде сол қателігім үшін қатты өкінемін, – дейді ол. Қазіргі уақытта сотталған мекемеде ұйымдастырылатын мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларға белсенді қатысып, психологтың қабылдауынан өтеді. Оның сөзінше, түзеу мекемесіне келгеннен кейін ұзақ мерзімге сотталған азаматтарды көріп, өмірге деген көзқарасы өзгерген. – Бостандыққа шыққан соң жоғары білім алып, адал еңбек етіп, өмір сүргім келеді. Қарапайым еңбекпен де табыс табуға болатын еді. Мен тек оңай жолды таңдадым. Қиналмай келген ақшаның берекесі болмайды екен. Өзім сияқты жастарға айтарым – интернеттегі күмәнді жұмыс ұсыныстарына сенбеңіздер, оңай ақшаға қызықпаңыздар. Бір сәттік шешім бүкіл өмірлеріңізді өзгертіп жіберуі мүмкін, – дейді жазасын өтеуші. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері азаматтарды, әсіресе жастарды, әлеуметтік желілерде ұсынылатын күмәнді жұмыс хабарландыруларына сақтықпен қарауға шақырады. Заңсыз әрекеттерге қатысу жеңіл табыс әкелгендей көрінгенімен, оның салдары адам тағдырына ауыр әсер етіп, бас бостандығынан айырылуға әкелуі мүмкін.
17 жасында от басқан азаматтың өкініші
Ұқсас материалдар

Мемлекет басшысы UBTECH Robotics Corp компаниясының аға президенті Чжун Юнмен кездесті
Қосшы қаласының мәслихатыАшу
Батыс Қазақстан облысында Үлкен Өзен өзенінде жаңа су қоймасы салынады
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіАшу
Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» аясында сенбілік өтті
Әуезов ауданы әкімінің аппаратыАшуАқмола облысында тұрғындардың өтініштерін қараудың жаңа алгоритмі бекітілді
Ашу
Сымбат Төретаев Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
"Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтар музейге экскурсия жасады
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
Қызылорда облысында есептегі азаматтар ұлттық ойыннан бақ сынады
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
Қызылордада жазасын өтеушілер жақындарымен жүздесті
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтар жасанды интеллект курсын меңгерді
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшуҚызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті жоспардан тыс аттестаттау өткізу туралы хабарландыру
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу