Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Альянс Лес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған спорт алаңын жөндеу жұмыстары аяқталды.

    Жоба аясында ескі тартан жабыны мен бүлінген асфальтбетон негізі бөлшектеліп, жаңа асфальтбетон негізі төселді және қалыңдығы 10 мм болатын резеңке үгіндісінен жасалған заманауи спорттық жабын орнатылды. Сонымен қатар баспалдақ сатылары жөнделіп, бетон негізі дайындалды, баскетбол конструкциялары, футбол қақпалары, баскетбол қалқандары, волейбол тіректері мен торы орнатылып, қажетті бетон жұмыстары орындалды.

    Барлық жұмыстар сапалы әрі толық көлемде орындалды. Жаңартылған спорт алаңы оқушылардың дене шынықтыру және спортпен қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда айналысуына, сондай-ақ түрлі спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі" жаңалықтары