
Шымкент қаласының Әділет департаментінде Әдеп жөніндегі уәкілдің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шараға департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Даурен Акимбеков төрағалық етті. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарының талаптары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормалары жан-жақты түсіндірілді.
Жиында қызметтік міндеттерді атқару кезінде заң талаптарын қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мемлекеттік қызметшінің қызмет барысында ғана емес, күнделікті өмірде де жоғары әдеп қағидаттарын ұстануы қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге қызметтік тәртіпті сақтау, заң бұзушылықтарға жол бермеу және қызметтік әдеп талаптарын бұлжытпай орындаудың маңыздылығы ескертіліп, Әдеп кодексінің нормаларын қатаң сақтау жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.








