«Тегін заң консультациялары. Құқықтық сауаттылық» мерейтойлық республикалық акциясы аясында Қазақстан өңірлерінде мобильді заң топтарының көшпелі сессиялары өткізіледі. Акцияны «Сарыарқа» заң консультанттарының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады.
Шығыс Қазақстан облысында тегін заң консультациялары сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін мынадай кесте бойынша өтеді:
18 тамыз — Өскемен қаласы;
19 тамыз — Риддер қаласы;
20 тамыз — Алтай қаласы;
21 тамыз — Өскемен қаласы.
Көшпелі сессиялар барысында азаматтар құқықтық мәселелер бойынша тегін консультация алып, қажетті құқықтық ақпаратпен таныса алады.
Қосымша ақпаратты www.pomogvsem.kz сайтынан, [email protected] электрондық поштасы немесе +7 701 870 98 89 телефоны арқылы алуға болады.




