📢 ТАЗАЛЫҚ – ӘРКІМНІҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ!

    ·
    📢 ТАЗАЛЫҚ – ӘРКІМНІҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ!

    Құрметті ауыл тұрғындары!

    Таза әрі көрікті елді мекен – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Ауылымыздың тазалығы мен көркеюі өзімізден басталады.

    Тұрғындарды абаттандыру қағидаларын сақтауға шақырамыз:
    ✅ аулалар мен көшелерді таза ұстауға;
    ✅ тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастауға;
    ✅ қоғамдық орындарды ластамауға;
    ✅ жасыл желектерді қорғауға және табиғатты аялауға;
    ✅ қоршауларды, ғимараттардың қасбеттерін және аумақтарды күтіп ұстауға.

    🌿 Экологиялық мәдениет – табиғатқа деген құрметтің белгісі. Әрбір тұрғын қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосса, ауылымыз одан әрі көркейе түседі.

    ⚖️ Еске саламыз! Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ елді мекендердің инфрақұрылымы объектілерін бүлдіру немесе жасыл екпелерін жою үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

    Таза ауыл – жарқын болашақтың кепілі!
    Бірге табиғатты қорғайық, туған жерімізді таза ұстайық!

    #ТазаҚазақстан #ТазаАуыл #Абаттандыру #Экология #Аманқарағай #ҚостанайОблысы

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары