Қазақстандық гидрогеологтар АҚШ Геологиялық қызметімен бірлесіп ұйымдастырылған жарты жылдық оқу семинарларын аяқтады

    Қазақстандық гидрогеологтар АҚШ Геологиялық қызметімен бірлесіп ұйымдастырылған жарты жылдық оқу семинарларын аяқтады

    Қазақстандық гидрогеологтар Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты суы департаменті мен АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) арасындағы ынтымақтастық аясында ұйымдастырылған оқыту семинарларына қатысты. Жарты жыл бойы USGS сарапшылары «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» КЕАҚ-ның және оның филиалдарының мамандарына онлайн семинарлар өткізді.


    Қазақстандық гидрогеологтар АҚШ Геологиялық қызметімен бірлесіп ұйымдастырылған жарты жылдық оқу семинарларын аяқтады

    Оқу барысында қазақстандық мамандар жерасты суын мониторингтеу, бағалау және модельдеудің заманауи тәсілдерімен, су ресурстарын басқару тетіктерімен, сондай-ақ гидрогеология саласындағы озық халықаралық тәжірибелермен танысты.

    Қазақстандық гидрогеологтар АҚШ Геологиялық қызметімен бірлесіп ұйымдастырылған жарты жылдық оқу семинарларын аяқтады

    Оқу қорытындысы бойынша АҚШ Геологиялық қызметі «Қазгидрогеология» КЕАҚ пен оның филиалдарының ең белсенді 20 маманына сертификаттар табыстады. Сонымен қатар министрліктің Жерасты суы департаменті мен Стратегиялық даму департаментінің қызметкерлеріне алғыс сертификаттары берілді.


    Қазақстандық гидрогеологтар АҚШ Геологиялық қызметімен бірлесіп ұйымдастырылған жарты жылдық оқу семинарларын аяқтады
    Қазақстандық гидрогеологтар АҚШ Геологиялық қызметімен бірлесіп ұйымдастырылған жарты жылдық оқу семинарларын аяқтады
    Қазақстандық гидрогеологтар АҚШ Геологиялық қызметімен бірлесіп ұйымдастырылған жарты жылдық оқу семинарларын аяқтады

    «Су ресурстары және ирригация министрлігі АҚШ Геологиялық қызметіне жерасты су ресурстарын зерттеу және басқару саласындағы қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыруға көрсеткен қолдауы мен жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді. Біз алдағы уақытта да халықаралық серіктестерімізбен озық тәжірибе алмасу және бірлесіп кадр даярлау бағытындағы ынтымақтастықты жалғастырамыз», - деді «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» КЕАҚ басқарма төрағасы Болат Бекнияз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі" жаңалықтары