
Үстіміздегі жылғы 20-29 шілде аралығында «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қолдауымен Тәжікстан Республикасы Президенті Атқарушы аппаратының «Тәжікстанның цифрлық негіздері жобаларын іске асыру орталығы» ММ-мен бірлесіп «Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау негіздері» тақырыбында тренинг өткізуде.
Оқуға Тәжікстан Республикасының 15 мемлекеттік қызметшісі қатысуда. Шара барысында Қазақстаннан келген мамандар мемлекеттік басқаруды цифрландыру саласындағы отандық тәжірибемен бөліседі.









