
Атмосфералық ауаның сапасына. 2026 жылы жылдың І жартыжылдығында Ақтөбе облыстық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары санитариялық - химиялық көрсеткіштерге атмосфералық ауаның 7356 сынамасын зерттеді, оның ішінде 48 сынама гигиеналық нормативке сәйкес келген жоқ (0,6%).
Ауыз судың сапасына. 2026 жылы жылдың І жартыжылдығында микробиологиялық көрсеткіштерге су құбыры суының 265 сынамасы зерттелді, оның ішінде гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін сынама анықталған жоқ, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 265 сынама зерттелді, 28 сынамада (10,6%) ауытқулар анықталды.









