Саран қаласы мен Ақтас поселкесінің аз қамтылған тұрғындарымен кездесу

    ·
    Саран қаласы мен Ақтас поселкесінің аз қамтылған тұрғындарымен кездесу

    2026 жылғы 16 шілдеде «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де Саран қаласы мен Ақтас поселкесінің аз қамтылған тұрғындарымен кездесу өткізілді 🇰🇿🏢
    Талқыланған тақырып Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік көмек (АӘК) ұсыну болды 🌍
    Іс-шара барысында АӘК тағайындау шарттары, қажеттілік критерииі, отбасының жан басына шаққандағы табысы, сондай-ақ, мемлекеттік қолдауды рәсімдеу үшін қажетті құжаттар тізімі түсіндірілді. Ерекше назар 2026 жылдан бастап күшіне енген заңнамаға енгізілген өзгерістерге және көмекті қайта рәсімдеуге бөлінді 📝
    Қатысушылардың әрқайсысы өздерін қызықтырған сұрақтар қоюға және жеке жағдайларын ескере отырып, жеке консультация алуға мүмкіндік алды 🔋
    Мұндай кездесулер тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді ✅

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары