Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті фармацевтикалық субъект өкілдерімен 2026 жылы 8 шілдеде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы заңнама талаптарын бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары бойынша кеңес өткізді.
Фармацевтикалық субъект өкілдеріне дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау, фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу, жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою, күшті әсер ететін заттары бар (лирика, сомнол, тропикамид) препараттарды, антибиотиктерді рецептімен босату, фармацевтикалық инспекциялау мәселелері бойынша айтылды.
Рецепт арқылы босату қағидаларын сақтау – халықтың денсаулығын қорғаудың, антибиотиктерге төзімділіктің алдын алудың және дәрілік заттарды қауіпсіз әрі ұтымды пайдалануды қамтамасыз етудің маңызды шарасы болып табылады.
Рецепт арқылы босату қағидаларын сақтау – халықтың денсаулығын қорғаудың, антибиотиктерге төзімділіктің алдын алудың және дәрілік заттарды қауіпсіз әрі ұтымды пайдалануды қамтамасыз етудің маңызды шарасы болып табылады.
Семинарға қатысушыларға департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті көмек (мемлекеттік қызметшілерге, жеке және заңды тұлғаларға) көрсететіндігін және департаменттің ресми сайтында, Facebook парақшасында орналасқан Әдеп жөніндегі уәкілдің бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке қабылдаулар болатынын айтты.
Семинар соңында фармацевтикалық субъект өкілдерінің қойылған сұрақтарына толықтырылған жауаптар берілді.
Фармацевтикалық инспекциялау қорытындылары бойынша «Тілегенова Р.Р» ЖК-не, «Менің дәрігерім» ЖШС-не, «Мырзақұлова Н» ЖК-не Тиісті дәріханалық практика (GPP) стандарты талаптарына сәйкестігін растайтын сертификаттар табысталды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті фармацевтикалық субъект өкілдерімен 2026 жылы 8 шілдеде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы заңнама талаптарын бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары бойынша кеңес өткізді
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
Ұқсас материалдар

Апталық шолу
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіАшу
Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге ескерту жасалды
Ақтөбе облысының әкімдігіАшу
Ақтөбе облысының екі педагогі «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі – 2026» республикалық байқауында І орын иеленді
Ақтөбе облысының әкімдігіАшу
Өңір басшысы Қарғалы ауданының Жосалы ауылында ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесті
Ақтөбе облысының әкімдігіАшу
«Дала дәмі»: Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Байғанин ауданының әкімдігіАшу
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары
Дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру жүйесі қалай жұмыс істейді, соңғы жылдары қандай өзгерістер болды
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшуДӘРІЛІК ЗАТТЫ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ ЖӘНЕ ПРЕПАРАТТАРДЫ МЕМЛЕКЕТ ЕСЕБІНЕН АЛУҒА БОЛАДЫ
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшуҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде 2026 жылғы 22 қыркүйекте «Ашық есік күні» акциясы өтті.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу«Тіл – тірегім»
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшуАшық есік күні
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу