Су құбыры құрылысы нысанына жұмыс сапарлары

    Су құбыры құрылысы нысанына жұмыс сапарлары

    2 және 8 шілде күндері төраға орынбасары Ә. Әубәкіров «Ақмола облысы Целиноград ауданының Талапкер және Қажымұқан ауылдарына дейін Покров жерасты су кен орнынан су құбырын салу. I кезек» нысанына жұмыс сапарларын жасады.

    Жұмыс сапарлары барысында мердігер ұйымның, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау мамандарының қатысуымен жұмыс кеңестері өтті. Кеңестерде құрылыс жұмыстарының барысы, жұмыс кестесінің сақталуы, құрылыс сапасы және ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

    Жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша төраға орынбасары құрылыс-монтаждау жұмыстарын белгіленген мерзімде орындауды, барлық кезеңде сапаны бақылауды күшейтуді және нысанды уақтылы аяқтау үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті" жаңалықтары