Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті
Су шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің құзыреті шегінде оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген су қорын пайдалану және қорғау саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган және государственный орган болып табылады
Жаңалықтар
Ашу1,1 мыңнан астам тұрғын алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылды
АшуАстанада CAWEC жобасын басқару жөніндегі Өңірлік комитеттің алғашқы отырысы өтті
АшуСу ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ақмола облысындағы сумен жабдықтау нысандарын салу және реконструкциялау жұмыстарының барысымен танысты.
АшуСу ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Астана қаласының қорғаныс бөгетін реконструкциялау жобасының іске асырылу барысымен танысты.
АшуАқмола облысында Талапкер және Қажымұқан ауылдарын сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы барысы тексерілді
АшуАқмола облысының үш ауылында топтық су құбырын салу жұмыстары аяқталуға жақын
Оқиғалар
Сұрақ-жауап
Су шаруашылығы комитеті сумен жабдықтау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін мердігер ұйымдарды қалай таңдайды?
Комитет мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуына арналған байқауды электрондық форматта ұйымдастырады және өткізеді. Барлық конкурс рәсімдері тек мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүргізіледі. Байқау туралы хабарландыру ақпараттық жүйеге орналастырылған сәттен бастап, техникалық сипаттама, сметалық құжаттама, сараптамалық қорытындылар және басқа да талап етілген материалдарды қоса алғанда, байқау құжаттарының толық пакеті автоматты түрде жарияланады. Аталған ақпарат барлық әлеуетті жеткізушілерге электрондық түрде қолжетімді болып, қызметкерлердің қатысуынсыз орналастырылады, бұл адам факторының әсерін болдырмайды. Комитет әлеуетті жеткізушілерге жеке хабарламалар, телефон қоңыраулары немесе басқа да бағытталған ақпарат беруді жүргізбейді. Конкурс құжаттарына қол жеткізу барлық қатысушылар үшін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы тең дәрежеде қамтамасыз етіледі. Байқау рәсімдері РБС-жүйесі аясында жүзеге асырылады, бұл деректерді орталықтандырылған түрде жүктеуді және сатып алу процесінің барлық кезеңдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Байқау жеңімпазы ақпараттық жүйе арқылы белгіленген критерийлер мен Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына толық сәйкес автоматты түрде анықталады.
Инвестициялық бағдарламаларды жоспарлау кезінде Тапсырыс беруші қандай нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады?
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы» Бұйрығының 2-тарауының 9-тармағына сәйкес, Тапсырыс беруші бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлағанда Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексіне және мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды өткізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторинг және жүзеге асыруды бағалау ережелеріне сәйкес (Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілер Реестрінде № 9938 тіркелген) мынадай жұмыстарды дайындайды: - мемлекеттік, салалық бағдарламалар және территорияларды дамыту бағдарламалары шеңберінде инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігін негіздейтін инвестициялық ұсыныстар; - концессиялық ұсыныстар; - технико-экономикалық негіздемелер, қаржылық-экономикалық негіздемелер, инвестицияларды негіздеулер.
«Ирригациялық және дренаждық жүйелерін жетілдіру, 2-кезең» жобасы қандай облыстарда жүзеге асырылуда?
Жоба Сырдария, Талас, Шу және Іле трансшекаралық өзендерінің су үнемдеуге мұқтаж бассейндерінде орналасқан жалпы ауданы 105,065 мың га суармалы алқаптарда жүзеге асырылады, оның ішінде: Алматы облысы – 12,481 мың га, Жамбыл облысы – 15,173 мың га, Түркістан облысы – 62,289 мың га және Қызылорда облысы – 15,123 мың га.
«Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, 2 кезең» жобасының негізгі мақсаты қандай ?
Жобаның мақсаты – суармалы судың шығынын азайтуға, суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін арттыруға және Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарындағы трансшекаралық өзендердің экологиялық ағынын қамтамасыз етуге бағытталған тозығы жеткен ирригациялық және дренаждық жүйелерді (артық суды бұру және топырақтың сулы-тұзды режимін реттеу жүйелері) қалпына келтіру және жаңғырту, сондай-ақ гидромелиорациялық жағдайлар жасау болып табылады.
Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етумен қандай мемлекеттік орган айналысады?
Министрлік – бұл су қорының пайдалануын және қорғауын, су жабдықтау мен су тарту жүйелерін елді мекендерден тыс аумақтарда басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган. Сонымен бірге, 2023 жылғы 4 қазанғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 864 Қаулысына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы» Ереженің 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері бойынша ведомствоның бір міндеті – елді мекендер шегінде су жабдықтау, су тарту және жылумен қамтамасыз ету салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
Солтүстік Арал теңізі және суару жүйесін жаңғырту» жобасы аясында қандай жұмыстар көзделген?
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Мемлекет басшысының Арал теңізіндегі су деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмаларын, сондай-ақ Ұлттық құрылтай отырысының шешімдерін орындау мақсатында, Арал маңы халқының экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуға тікелей әсер ететін жобаның маңыздылығын ескере отырып, «Солтүстік Арал теңізі және суару жүйесін жаңғырту» кешенді жобасын әзірледі. Жобаға сәйкес үш компонентті іске асыру көзделген. 1-компонент. Солтүстік Арал теңізінің климаттық тұрақтылығын арттыру. Бұл компонент үш бағытты қамтиды: Солтүстік Арал теңізі мен Сырдария өзені атырауын тұрақтандыру, ирригациялық инфрақұрылымды қалпына келтіру және жаңғырту (оның ішінде Қызылорда және Түркістан облыстарында суару жүйелерін автоматтандыру), сондай-ақ жобаны басқару және институционалдық нығайту. Аталған компонент аясында Солтүстік Арал теңізі мен Сырдария өзені атырауын тұрақтандыру, оның ішінде Көкарал бөгетін қайта жаңғырту және жаңарту, сондай-ақ сулы-батпақты алқаптарды қалпына келтіру көзделген. Бұл компонент құрамында екі қосалқы жоба қарастырылған: ТЭН «Қазалы сол жағалау суармалы алқабының дренаждық ағындарын Үлкен Арал теңізінің сулы-батпақты алқаптарына бұру жобасы»; ТЭН «Солтүстік Арал теңізінің су көтергіш бөгетін қайта жаңғырту». 2-компонент. Ирригациялық инфрақұрылымды қалпына келтіру және жаңғырту. Бұл компонент Қызылорда және Түркістан облыстарында суару жүйелерін автоматтандыруды, зияткерлік технологияларды (IT-датчиктер, автоматтандырылған қақпалар, шығын өлшегіштер) енгізуді, сондай-ақ су үнемдеу әдістерін қолдануды қамтиды. Сонымен қатар, Сырдария өзені бассейніндегі төрт негізгі бөгеттің қауіпсіздігін арттыру және мониторинг жүргізу қарастырылған. Жобаны іске асыру су ресурстарын тиімді басқару есебінен суару суын тасымалдау кезіндегі шығындарды азайтуға, қайтарымды сулар көлемін арттыруға және Сырдария өзені бассейні мен Солтүстік Арал теңізінің су ресурстарына түсетін жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Компонент аясында су қоймаларын қайта жаңғырту, ирригациялық желілерді қалпына келтіру және суару жүйелерін автоматтандыру көзделген. 3-компонент. Жобаны басқару және институционалдық нығайту. Бұл компонент Сырдария өзені бассейнінің су ресурстарын басқарудың кешенді жүйесін құруды, заманауи IT-шешімдерді енгізуді, сондай-ақ жобаны басқару мен техникалық қадағалауды қолдауды (қаржыны және сатып алуларды басқаруды қоса алғанда) көздейді. Министрлік елді мекендерден тыс жерлерде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы» ереженің 1-тарауына сай, аталған министрліктің негізгі міндеттерінің бірі елді мекендер шегінде сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру болып табылады.
Құжаттар
«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» 2024 жылғы 5 тамыздағы № 129-НҚ Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 129-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережеде: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.»; 9-тармақ алып тасталсын; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитет өкілеттіктері болып табылмайтын міндеттерді Комитет орындау тұрғысынан шарттық қарым- қатынасқа түсуіне тыйым салынады. Егер Комитет заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Комитеттің мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері»; 13- тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Мақсаты - су шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, реттеуші және іске асыру функцияларын орындау мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету.»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Өкілеттіктері: құқықтары: Комитеттің құзыретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелерін жедел шешуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас жасауға; Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға; Комитет реттейтін қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге; сотқа жүгінуге; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға; міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға, оның ішінде: заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға тиісті ақпарат беруге қатысуға; жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарауға; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдауға және қарауға; өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды талдауды және анықтауды жүзеге асыруға; осы Ережеге сәйкес Комитетке жүктелген функцияларды уақтылы және сапалы орындауға.»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1) гидротехникалық құрылысжайды пайдалану қағидаларын әзірлеу тәртібін әзірлеуге қатысады; 2) ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдаланудың үлгілік қағидаларын әзірлеуге қатысады; 3) су қорын қорғау және пайдалану, сумен жабдықтау және су бұру салаларында жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады; 4) су шаруашылығында инвестициялық жобаларды дайындайды және іске асырады; 5) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын әзірлеуге қатысады; 6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; 7) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтары бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады; 8) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асырады; 9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «3-тарау. Комитет төрағасының мәртебесі, өкілеттіктері»; 19-тармақта: мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) Комитет төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;»; 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «3) Комитеттің мемлекеттік қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тұлғалармен, сондай-ақ еңбек шарты негізінде Комитетте қызметін жүзеге асыратын тұлғаларды жұмысқа қабылдайды және еңбек шарттарын тоқтатады; 4) Комитет төрағасының орынбасарларының және Комитеттің мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;»; 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «7) Комитет төрағасының орынбасарларына және Комитеттің мемлекеттік қызметшілеріне, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тұлғаларға, сондай-ақ еңбек шарты негізінде Комитетте қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға тәртіптік жаза қолданады; 8) Комитет төрағасының орынбасарлары мен Комитеттің мемлекеттік қызметшілері, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тұлғаларды, сондай-ақ еңбек шарты негізінде Комитетте қызметін жүзеге асыратын тұлғаларды іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;»; 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.». Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді; 2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.