Инвестициялық бағдарламаларды жоспарлау кезінде Тапсырыс беруші қандай нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады?

    Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті

    Сұрақ

    Инвестициялық бағдарламаларды жоспарлау кезінде Тапсырыс беруші қандай нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы» Бұйрығының 2-тарауының 9-тармағына сәйкес, Тапсырыс беруші бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлағанда Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексіне және мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды өткізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторинг және жүзеге асыруды бағалау ережелеріне сәйкес (Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілер Реестрінде № 9938 тіркелген) мынадай жұмыстарды дайындайды:

    - мемлекеттік, салалық бағдарламалар және территорияларды дамыту бағдарламалары шеңберінде инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігін негіздейтін инвестициялық ұсыныстар;

    - концессиялық ұсыныстар;

    - технико-экономикалық негіздемелер, қаржылық-экономикалық негіздемелер, инвестицияларды негіздеулер.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Су шаруашылығы комитеті сумен жабдықтау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін мердігер ұйымдарды қалай таңдайды?

    Жауап

    Комитет мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуына арналған байқауды электрондық форматта ұйымдастырады және өткізеді. Барлық конкурс рәсімдері тек мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүргізіледі...

    Сұрақ

    «Ирригациялық және дренаждық жүйелерін жетілдіру, 2-кезең» жобасы қандай облыстарда жүзеге асырылуда?

    Жауап

    Жоба Сырдария, Талас, Шу және Іле трансшекаралық өзендерінің су үнемдеуге мұқтаж бассейндерінде орналасқан жалпы ауданы 105,065 мың га суармалы алқаптарда жүзеге асырылады, оның ішінде: Алматы облысы – 12,481 мың га, Жамбыл облысы – 15,173 мың га, Түркістан облысы – 62,289 мың га...

    Сұрақ

    «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, 2 кезең» жобасының негізгі мақсаты қандай ?

    Жауап

    Жобаның мақсаты – суармалы судың шығынын азайтуға, суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін арттыруға және Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарындағы трансшекаралық өзендердің экологиялық ағынын қамтамасыз етуге бағытталған тозығы жеткен ирригациялық және дренаждық жү...

    Сұрақ

    Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етумен қандай мемлекеттік орган айналысады?

    Жауап

    Министрлік – бұл су қорының пайдалануын және қорғауын, су жабдықтау мен су тарту жүйелерін елді мекендерден тыс аумақтарда басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган. Сонымен бірге, 2023 жылғы 4 қазанғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 864 Қаулысына сәйк...

    Сұрақ

    Солтүстік Арал теңізі және суару жүйесін жаңғырту» жобасы аясында қандай жұмыстар көзделген?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Мемлекет басшысының Арал теңізіндегі су деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмаларын, сондай-ақ Ұлттық құрылтай отырысының шешімдерін орындау мақсатында, Арал маңы халқының экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдай...

    Сұрақ

    Гидротехникалық құрылыстың құрылысын бастау үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында гидротехникалық құрылыстың құрылысын бастау тек құрылыс заңдылығын, объектінің қауіпсіздігін және қала құрылысы талаптарына сәйкестігін растайтын рұқсат беру және жобалық құжаттаманың толық пакеті болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Ең алдымен, тапсырыс...

    Сұрақ

    Гидротехникалық құрылыстар жобаларын мемлекеттік сараптау міндетті ме?

    Жауап

    Иә, Қазақстан Республикасында гидротехникалық құрылыстар жобаларына мемлекеттік сараптама міндетті, себебі мұндай объектілер техникалық күрделі және (немесе) жауапкершілігі жоғары объектілер санатына жатады. Гидротехникалық құрылыстар (бөгеттер, дамбалар, су қоймалары және т.б.)...