Солтүстік Арал теңізі және суару жүйесін жаңғырту» жобасы аясында қандай жұмыстар көзделген?

    Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті

    Сұрақ

    Солтүстік Арал теңізі және суару жүйесін жаңғырту» жобасы аясында қандай жұмыстар көзделген?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Мемлекет басшысының Арал теңізіндегі су деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмаларын, сондай-ақ Ұлттық құрылтай отырысының шешімдерін орындау мақсатында, Арал маңы халқының экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуға тікелей әсер ететін жобаның маңыздылығын ескере отырып, «Солтүстік Арал теңізі және суару жүйесін жаңғырту» кешенді жобасын әзірледі. Жобаға сәйкес үш компонентті іске асыру көзделген.

    1-компонент. Солтүстік Арал теңізінің климаттық тұрақтылығын арттыру.

    Бұл компонент үш бағытты қамтиды: Солтүстік Арал теңізі мен Сырдария өзені атырауын тұрақтандыру, ирригациялық инфрақұрылымды қалпына келтіру және жаңғырту (оның ішінде Қызылорда және Түркістан облыстарында суару жүйелерін автоматтандыру), сондай-ақ жобаны басқару және институционалдық нығайту.

    Аталған компонент аясында Солтүстік Арал теңізі мен Сырдария өзені атырауын тұрақтандыру, оның ішінде Көкарал бөгетін қайта жаңғырту және жаңарту, сондай-ақ сулы-батпақты алқаптарды қалпына келтіру көзделген.

    Бұл компонент құрамында екі қосалқы жоба қарастырылған:

    ТЭН «Қазалы сол жағалау суармалы алқабының дренаждық ағындарын Үлкен Арал теңізінің сулы-батпақты алқаптарына бұру жобасы»;

    ТЭН «Солтүстік Арал теңізінің су көтергіш бөгетін қайта жаңғырту».

    2-компонент. Ирригациялық инфрақұрылымды қалпына келтіру және жаңғырту.

    Бұл компонент Қызылорда және Түркістан облыстарында суару жүйелерін автоматтандыруды, зияткерлік технологияларды (IT-датчиктер, автоматтандырылған қақпалар, шығын өлшегіштер) енгізуді, сондай-ақ су үнемдеу әдістерін қолдануды қамтиды.

    Сонымен қатар, Сырдария өзені бассейніндегі төрт негізгі бөгеттің қауіпсіздігін арттыру және мониторинг жүргізу қарастырылған.

    Жобаны іске асыру су ресурстарын тиімді басқару есебінен суару суын тасымалдау кезіндегі шығындарды азайтуға, қайтарымды сулар көлемін арттыруға және Сырдария өзені бассейні мен Солтүстік Арал теңізінің су ресурстарына түсетін жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.

    Компонент аясында су қоймаларын қайта жаңғырту, ирригациялық желілерді қалпына келтіру және суару жүйелерін автоматтандыру көзделген.

    3-компонент. Жобаны басқару және институционалдық нығайту.

    Бұл компонент Сырдария өзені бассейнінің су ресурстарын басқарудың кешенді жүйесін құруды, заманауи IT-шешімдерді енгізуді, сондай-ақ жобаны басқару мен техникалық қадағалауды қолдауды (қаржыны және сатып алуларды басқаруды қоса алғанда) көздейді.

    Министрлік елді мекендерден тыс жерлерде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы» ереженің 1-тарауына сай, аталған министрліктің негізгі міндеттерінің бірі елді мекендер шегінде сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Су шаруашылығы комитеті сумен жабдықтау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін мердігер ұйымдарды қалай таңдайды?

    Жауап

    Комитет мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуына арналған байқауды электрондық форматта ұйымдастырады және өткізеді. Барлық конкурс рәсімдері тек мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүргізіледі...

    Сұрақ

    Инвестициялық бағдарламаларды жоспарлау кезінде Тапсырыс беруші қандай нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы» Бұйрығының 2-тарауының 9-тармағына сәйкес, Тапсырыс беруші бюджеттік инвести...

    Сұрақ

    «Ирригациялық және дренаждық жүйелерін жетілдіру, 2-кезең» жобасы қандай облыстарда жүзеге асырылуда?

    Жауап

    Жоба Сырдария, Талас, Шу және Іле трансшекаралық өзендерінің су үнемдеуге мұқтаж бассейндерінде орналасқан жалпы ауданы 105,065 мың га суармалы алқаптарда жүзеге асырылады, оның ішінде: Алматы облысы – 12,481 мың га, Жамбыл облысы – 15,173 мың га, Түркістан облысы – 62,289 мың га...

    Сұрақ

    «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, 2 кезең» жобасының негізгі мақсаты қандай ?

    Жауап

    Жобаның мақсаты – суармалы судың шығынын азайтуға, суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін арттыруға және Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарындағы трансшекаралық өзендердің экологиялық ағынын қамтамасыз етуге бағытталған тозығы жеткен ирригациялық және дренаждық жү...

    Сұрақ

    Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етумен қандай мемлекеттік орган айналысады?

    Жауап

    Министрлік – бұл су қорының пайдалануын және қорғауын, су жабдықтау мен су тарту жүйелерін елді мекендерден тыс аумақтарда басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган. Сонымен бірге, 2023 жылғы 4 қазанғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 864 Қаулысына сәйк...

    Сұрақ

    Гидротехникалық құрылыстың құрылысын бастау үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында гидротехникалық құрылыстың құрылысын бастау тек құрылыс заңдылығын, объектінің қауіпсіздігін және қала құрылысы талаптарына сәйкестігін растайтын рұқсат беру және жобалық құжаттаманың толық пакеті болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Ең алдымен, тапсырыс...

    Сұрақ

    Гидротехникалық құрылыстар жобаларын мемлекеттік сараптау міндетті ме?

    Жауап

    Иә, Қазақстан Республикасында гидротехникалық құрылыстар жобаларына мемлекеттік сараптама міндетті, себебі мұндай объектілер техникалық күрделі және (немесе) жауапкершілігі жоғары объектілер санатына жатады. Гидротехникалық құрылыстар (бөгеттер, дамбалар, су қоймалары және т.б.)...