Гидротехникалық құрылыстың құрылысын бастау үшін қандай құжаттар қажет?

    Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті

    Сұрақ

    Гидротехникалық құрылыстың құрылысын бастау үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында гидротехникалық құрылыстың құрылысын бастау тек құрылыс заңдылығын, объектінің қауіпсіздігін және қала құрылысы талаптарына сәйкестігін растайтын рұқсат беру және жобалық құжаттаманың толық пакеті болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

    Ең алдымен, тапсырыс берушіде жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар болуы тиіс. Жер учаскесі тиісті нысаналы мақсатқа (гидротехникалық құрылысты салу үшін) берілуі қажет. Бұл талап Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43, 44-баптарында белгіленген, онда жер учаскелерін беру тәртібі және оларды нысаналы мақсаты бойынша пайдалану міндеттілігі айқындалған.

    Келесі міндетті кезең – жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы әзірлеу. Жоба инженерлік ізденістерді, гидрологиялық және экологиялық жағдайларды, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын ескеруі тиіс.

    Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабына сәйкес, объектілердің құрылысына тек бекітілген жобалық құжаттама негізінде ғана жол беріледі.

    Одан кейін жоба міндетті түрде сараптамадан өтеді (объектінің санатына байланысты мемлекеттік немесе мемлекеттік емес). Гидротехникалық құрылыстар жауапкершілігі жоғары объектілерге жататындықтан, әдетте мемлекеттік сараптама талап етіледі. Бұл талап аталған заңның 64-1-бабында бекітілген, онда құрылыс басталғанға дейін оң сараптама қорытындысын алу міндетті екендігі көрсетілген.

    Оң сараптама қорытындысын алғаннан кейін тапсырыс беруші құрылыс жұмыстарын бастау үшін рұқсат алу немесе хабарлама беру рәсімінен өтуге міндетті. Рәсімнің түрі объектінің санаты мен жауапкершілік деңгейіне байланысты болады.

    Аталған заңның 68-бабына сәйкес, құрылыс жұмыстары белгіленген тәртіп сақталған жағдайда ғана жүзеге асырылады, оның ішінде қажетті рұқсаттарды алу немесе құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама жіберу талап етіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Су шаруашылығы комитеті сумен жабдықтау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін мердігер ұйымдарды қалай таңдайды?

    Жауап

    Комитет мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуына арналған байқауды электрондық форматта ұйымдастырады және өткізеді. Барлық конкурс рәсімдері тек мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүргізіледі...

    Сұрақ

    Инвестициялық бағдарламаларды жоспарлау кезінде Тапсырыс беруші қандай нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы» Бұйрығының 2-тарауының 9-тармағына сәйкес, Тапсырыс беруші бюджеттік инвести...

    Сұрақ

    «Ирригациялық және дренаждық жүйелерін жетілдіру, 2-кезең» жобасы қандай облыстарда жүзеге асырылуда?

    Жауап

    Жоба Сырдария, Талас, Шу және Іле трансшекаралық өзендерінің су үнемдеуге мұқтаж бассейндерінде орналасқан жалпы ауданы 105,065 мың га суармалы алқаптарда жүзеге асырылады, оның ішінде: Алматы облысы – 12,481 мың га, Жамбыл облысы – 15,173 мың га, Түркістан облысы – 62,289 мың га...

    Сұрақ

    «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, 2 кезең» жобасының негізгі мақсаты қандай ?

    Жауап

    Жобаның мақсаты – суармалы судың шығынын азайтуға, суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін арттыруға және Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарындағы трансшекаралық өзендердің экологиялық ағынын қамтамасыз етуге бағытталған тозығы жеткен ирригациялық және дренаждық жү...

    Сұрақ

    Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етумен қандай мемлекеттік орган айналысады?

    Жауап

    Министрлік – бұл су қорының пайдалануын және қорғауын, су жабдықтау мен су тарту жүйелерін елді мекендерден тыс аумақтарда басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган. Сонымен бірге, 2023 жылғы 4 қазанғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 864 Қаулысына сәйк...

    Сұрақ

    Солтүстік Арал теңізі және суару жүйесін жаңғырту» жобасы аясында қандай жұмыстар көзделген?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Мемлекет басшысының Арал теңізіндегі су деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмаларын, сондай-ақ Ұлттық құрылтай отырысының шешімдерін орындау мақсатында, Арал маңы халқының экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдай...

    Сұрақ

    Гидротехникалық құрылыстар жобаларын мемлекеттік сараптау міндетті ме?

    Жауап

    Иә, Қазақстан Республикасында гидротехникалық құрылыстар жобаларына мемлекеттік сараптама міндетті, себебі мұндай объектілер техникалық күрделі және (немесе) жауапкершілігі жоғары объектілер санатына жатады. Гидротехникалық құрылыстар (бөгеттер, дамбалар, су қоймалары және т.б.)...