Шымкентте "Жаяу жүргінші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде!

    2026 жылғы 13–22 қараша күндері Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған «Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда.

    Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылап, жаяу жүргіншілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

    Құрметті қала тұрғындары! Жолдан өту кезінде барынша мұқият болыңыздар. Арнайы жаяу жүргіншілер өткелін пайдаланып, бағдаршамның рұқсат етілген сигналына ғана өтіңіздер.

    Есіңізде болсын, жол қозғалысы қағидаларын бұзу ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

    Жолдағы қауіпсіздік – әр адамның өз жауапкершілігі!

    Өз өміріңізді және өзгелердің қауіпсіздігін сақтаңыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары