ЫСТЫҚҚА ҚАРСЫ: ШЫМКЕНТ ӘКІМДІГІ ТҰРҒЫНДАР ҮШІН БАРЛЫҚ ӘДІСТІ ІСКЕ АСЫРЫП ЖАТЫР

    Шымкентте жаздың аптап ыстығы күшейген шақта тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

    Қала аумағында субұрқақтар тұрақты жұмыс істеп, жасыл желектер мен гүлзарлар күшейтілген режимде суарылуда. Көшелерге су себіліп, қоғамдық орындарда салқындату шаралары ұйымдастырылуда. Саябақтар мен демалыс орындарындағы ауызсу бұрқақтары да тұрғындардың игілігіне қызмет етуде.

    Мамандар күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт сыртта болмауға, көбірек су ішуге және күн сәулесінен қорғануға кеңес береді.

    Шымкент әкімдігі қаладағы қолайлы жағдайды сақтау бағытындағы жұмыстарды аптап ыстық кезеңінде де үздіксіз жалғастырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» КММ" жаңалықтары