Алматыда жыл соңына дейін үш жаңа кітапхана ашылады

    Алматыда жыл соңына дейін үш жаңа кітапхана ашылады

    Алматыда заманауи кітапханалар желісін дамыту жұмыстары жалғасуда. Қалалық Мәдениет басқармасы өкілдерінің мәліметінше, тамыз айының соңына дейін Құлагер, Жас Қанат және Ақсай шағынаудандарында жаңа кітапханалар ашылады.

    Бұл жұмыстар Алматыны дамыту бағдарламасы аясында қолға алынған. Жыл соңына дейін Жетісу, Наурызбай және Түрксіб аудандарында да жаңа кітапханалар пайдалануға беріледі.

    Қазіргі таңда қалалық кітапхана жүйесіне 30 филиал кіреді. Олардың басым бөлігі жаңғыртылған, ал жетеуі тәулік бойы жұмыс істейді.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары