
«Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 01 шілдедегі № 1338 Жарлығына сәйкес Қосшы қаласы әкімдігінің жанындағы сайлаушылар үшін Call-орталық ашылды.
Құрылтай депутаттарын сайлауды өткізуге байланысты барлық сұрақтар бойынша, сайлаушылар тізіміндегі өз деректеріңізді қосу және алып тастау, сондай-ақ нақтылау үшін сіз дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейтін Call-орталығының 8775 189 89 23,87172- 607-888 телефоны арқылы хабарласа аласыз.










