Кентау қалалық мәслихат депутаттары мен қала тұрғындарының назарына! Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс 44-ші сессиясын шақыру туралы

    ·
    Кентау қалалық мәслихат депутаттары мен қала тұрғындарының назарына! Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс 44-ші сессиясын шақыру туралы

    Кентау қалалық мәслихатының

    сегізінші шақырылымының

    кезектентыс қырық төртінші

    сессиясын шақыру туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс қырық төртінші сессиясы 2026 жылдың 15 шілдесінен бастап Кентау қаласында шақырылсын.

    Күн тәртібінде:

    • Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №249 «Кентау қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары»шешіміне өзгерістер туралы;
    • Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы;
    • Кентауқалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;
    • Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы №178 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»шешімінің күшін жою туралы;

    Кентау қалалық

    мәслихат төрағасы К. Елеусизов

    Ұқсас материалдар