Кентау қалалық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезекті қырық алтыншы
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті қырық алтыншы сессиясы 2026 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 16-00-де Кентау қаласында шақырылсын.
Күн тәртібінде:
- Кентау қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
- Кентау қаласының 2026-2027 жылдардағы қыс мезгіліне тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету барысы туралы есебі;
- Ащысай ауылы әкімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
- Байылдыр ауылы әкімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
- Хантағы ауылы әкімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есеб;
- Қарнақ ауылы әкімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
- Кентау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №83 «Кентау қаласының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Кентау қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы;
- Кентау қалалық мәслихатының 2026 жылдың 3 наурызындағы №263 «Кентау қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Кентау қалалық мәслихатының 2026 жылдың 9 сәуіріндегі №273 «Кентау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Кентау қалалық мәслихатының төрағасы Қ. Елеусизов






