Жыл басынан бері Ақмола облысына бағытталған теміржол көлігі бойынша жолаушылар ағыны 296 мың адамды құрады

    Жыл басынан бері Ақмола облысына бағытталған теміржол көлігі бойынша жолаушылар ағыны 296 мың адамды құрады

    Ақмола облысында қайта құру жұмыстарынан кейін Бурабай, Шортанды, Макинка және Ақкөл курорттық станцияларының вокзалдары ашылды.

    1988 жылы салынған Бурабай курорты вокзалы күн сайын шамамен 1601 жолаушыға қызмет көрсетеді, ал жазда 2 мыңға дейін жолаушы келеді. Станция арқылы курортты Астана, Алматы, Атырау, Петропавл, Қызылорда, Орал, Қарағанды, сондай-ақ Ресей және Қырғызстанмен байланыстыратын 30 пойыз өтеді. Үш қабатты ғимараттың ауданы 3,2 мың шаршы метрден асады.

    Шортанды, Макинка және Ақкөл станциялары арқылы 14 жолаушылар пойызы өтеді.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі" жаңалықтары