Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі рәсімдердің шарттарын жеңілдететін, сондай-ақ құқықтық тетіктерді жосықсыз пайдалану тәуекелдерін азайтатын оңалту және банкроттық мәселелері бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады.
Қазіргі уақытта заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында қаралып жатыр.
Түзетулердің негізгі мақсаты — бизнесті сауықтыру және дәрменсіз деп тану рәсімдерін барынша ашық ету, олардың өткізу мерзімдерін қысқарту, сондай-ақ әдейі банкроттық пен теріс пайдалану фактілерін азайту.
Заң жобасының негізгі жаңалықтары:
* Жалған рәсімдерді шектеу: егер борышкердің салық органдарынан басқа кредиторы (кредиторлары) болмаса, оңалтуды бастауға тыйым салынады;
* Мүлікті сатуды оңтайландыру: банкроттың активтерін тікелей сатуды жүзеге асыру кезінде кредиторлар жиналысының өкілеттігі нақты регламенттеледі;
* Процестердің созылуынан қорғау: алдыңғы сот бас тартуын алған жағдайда банкроттық туралы өтінішті қайта беру, кредиторлармен келісу болған кезде банкроттық рәсімін аяқтау үшін қатаң мерзімдер белгіленеді;
* Цифрлық арналарды кеңейту: отырыстар мен комитеттердің өткізілуі туралы кредиторларды жедел хабардар етудің жаңа тәсілдері енгізіледі;
* Әкімшілердің мәртебесін арттыру: азаматтыққа қойылатын талаптар нақтыланады, банкроттықты басқарушының өкілеттіктері кеңейтіледі және дәлелді себеп болған кезде міндеттерден мерзімінен бұрын бас тарту тетігі енгізіледі.
Заң жобасы төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге ұмтылған борышкерлер мен өздерінің қаржылық мүдделерін қорғайтын кредиторлардың құқықтарын теңгерімдеуге бағытталған. Жаңашылдықтар Қазақстанның қаржы нарығын цифрландырудың жалпы стратегиясымен үйлестірілген.
Мәжіліс оңалту және банкроттық мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады: заң жобасы Сенатқа жіберілді
Ұқсас материалдар

Зеренда әр елден келген 1500 жүгіру әуесқойын біріктірді
Ақмола облысының әкімдігіАшу
«Таза Қазақстан»: Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойынан кейін ауқымды тазалық жұмысы жүргізілді
Алматы облысының әкімдігіАшу
Экология министрі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы табиғат қорғау мекемелерінің жұмысымен танысты
ҚР ЭТРМАшу
Министр ІІМ-нің үздік жас офицерлерімен кездесті
ҚР ІІМАшу
ШЫМКЕНТТЕ «STREET FOOD FEST» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Шымкент қаласының әкімдігіАшу
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" жаңалықтары

Жеңілдетілген режіммен жұмыс істейтін бизнестің табысы 19% артты
ҚР Қаржы министрлігіАшу
ҚР Қаржы министрлігінде Оман Сұлтандығының елшісімен кездесу өтті.
ҚР Қаржы министрлігіАшу«Ұлттық қор - балаларға»: бұл не және төлемді қалай алу керек?
ҚР Қаржы министрлігіАшуҚыркүйек – Ұлттық киберқауіпсіздік айы
ҚР Қаржы министрлігіАшу
AIX халықаралық биржасында тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымы сәтті орналастырылды
ҚР Қаржы министрлігіАшу