Құрбан айт құтты болсын!

    ·
    Құрбан айт құтты болсын!

    Құрметті облыс тұрғындары!

    Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

    Құрбан айт – мейірім мен қайырымдылықтың, татулық пен бауырмалдықтың қадірін арттыратын ұлық мейрам. Бұл күндері халқымыз ізгі амал жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, адамгершілік құндылықтарды дәріптейді.

    Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): «Алла жұмсақтық пен мейірімділікті жақсы көреді» деген. Сондықтан қасиетті айт күндері өзара сыйластық пен жанашырлық танытып, ізгілік пен қамқорлықты арттыру – баршамызға ортақ міндет.

    Алла Тағала баршаңызға амандық, отбастарыңызға бақ-береке, ризық-несібе нәсіп етсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз бекем болғай.

    Сіздерге зор денсаулық, толайым табыс және игі бастамаларыңызға береке тілеймін.

    Ізгі тілекпен, Қуат Байғоджаев

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары