Заң мен тәртіп

    Заң мен тәртіп

    Қазақстанда туристердің құқықтық мәдениетін арттыру бойынша ақпараттық жұмыс жалғасуда

    « Заң мен тәртіп » идеологемасын іске асыру аясында, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және саяхат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы №211 Заңына сәйкес туристердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіретін ақпараттық материалдар әзірледі.

    Ақпараттық карточкаларда туристердің уақытша болатын елге (жерге) кіру және онда болу қағидалары туралы қажетті әрі нақты ақпарат алу, шұғыл медициналық көмекке қол жеткізу, заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда келтірілген залалдың өтелуіне қатысты негізгі құқықтары түсіндірілген.

    Сонымен қатар, туристердің уақытша болатын елдің заңнамасын сақтау, табиғи және мәдени мұра объектілеріне ұқыпты қарау, кіру, болу және транзиттік жүріп өту қағидаларын сақтау, сондай-ақ саяхат кезінде жеке қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі міндеттеріне ерекше назар аударылған.

    Осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жауапты туризм мәдениетін қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз туристік ортаны қамтамасыз етуге бағытталған.

    Шығыс Қазақстан облысының Туризм басқармасы туристерге сапарға шығар алдында өз құқықтары мен міндеттерімен алдын ала танысып, Қазақстан Республикасының және уақытша болатын елдің заңнамасы талаптарын сақтауға кеңес береді.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестиция басқармасы" жаңалықтары