Тұрақты комиссия отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік жоспарлау мәселелері талқыланды

    ·
    Тұрақты комиссия отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік жоспарлау мәселелері талқыланды

    Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Күн тәртібінде 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы, тексеру комиссиясының есебі, 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілетін өзгерістер, алдағы үш жылдық облыстық бюджетке түзетулер енгізу мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар көше жарықтандыру желілерін жетілдіру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру және «Шелек» индустриялық аймағын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстар қаралды. Аталған мәселелер бойынша тиісті басқарма басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде ақпарат берді. Отырыс барысында депутаттар көтерілген мәселелерге қатысты сұрақтар қойып, бюджет қаражатының тиімді игерілуі, жобалардың орындалу мерзімі, инфрақұрылымды дамыту және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ бірқатар ұсыныстар мен ескертулер айтылып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары