Бір мақсат – таза табиғат: Алматы облысында ауқымды көгалдандыру өтті

    ·
    Бір мақсат – таза табиғат: Алматы облысында ауқымды көгалдандыру өтті

    Алматы облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясындағы игі шаралар қарқын алып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бұл бастама елдегі экологиялық мәдениетті жаңа деңгейге көтеруді мақсат етеді.

    Осы бағытта 25 сәуір күні облыс көлемінде кең ауқымды ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылып, көпшілік тарапынан зор қолдауға ие болды.

    Ауқымды шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев, депутаттар, еңбек ардагерлері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ белсенді жастар қатысты. Бұл – қоғамның барлық буыны табиғатты қорғау жолында бір мақсатқа жұмылғанының айқын көрінісі.

    Іс-шара барысында Мемлекет басшысының қатысуымен телекөпір ұйымдастырылды. Өз сөзінде Президент тазалықтың негізі тәрбиеге байланысты екенін атап өтіп, экологиялық мәдениетті бала кезден қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын енгізуді тапсырды. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» идеясын ұлттық деңгейдегі құндылыққа айналдыру қажеттігін айтып, еңбекқорлық, ұқыптылық пен жауапкершілік сияқты қасиеттерді дәріптеуде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің рөліне ерекше мән берді.

    Негізгі іс-шара Қонаев қаласындағы Бердібек Соқпақбаев атындағы орталық саябақ аумағында өтті. Сонымен қатар, депутаттар өз өңірлерінде ұйымдастырылған акцияларға белсенді қатысты.

    Жалпы, өңірде жүзеге асырылып жатқан бұл шаралар экологиялық ахуалды жақсартуға, жасыл желек қорын көбейтуге және халық арасында табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған. 2026–2030 жылдарға арналған көгалдандыру жоспарына сәйкес, жыл сайын облыс аумағында шамамен 220 мың түп ағаш отырғызу көзделіп отыр.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары