«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы «__» _______ № ___ бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

    ҚР Қаржы министрлігі «Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы «__» _______ № ___ бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) « әзірленген. Бұйрық «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 1 маусымдағы №90-Ө Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімін орындау мақсатында әзірленді.

    Бұйрықта функциялар бойынша өкілеттіктерді Қазақстан Республикасы Үкіметінен уәкілетті органға беруге байланысты түзетулер көзделген.

    Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

    Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында ( http://legalacts.egov.kz) занында – 2023 жылдың 25 мамырында орналыстырылды.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" жаңалықтары