Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы «__» _______ № ___ бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы «__» _______ № ___ бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) Қазақстан республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарына және Қазақстан республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес әзірленген.

    Бұйрықпен мемлекеттік аудит объектісінің басшысы мүдделері мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған қаржылық бұзушылықтары туралы хабардар етуге міндеттілігі көзделген.

    Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу нәтижелері туралы нысан, сондай-ақ басқа да редакциялық түзетулер әзірленді.

    Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

    Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында ( http://legalacts.egov.kz) занында – 2023 жылдың 12 мамырында орналыстырылды.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" жаңалықтары