
Бүгін, 2022 жылдың 11 ақпанында, Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 2021 жылы атқарған жұмысының қорытындысы мен осы жылғы жоспарларына арналған кеңейтілген мәжілісі өтуде.
Мәжіліске Қаржы министрлігінің Аппарат басшысы Абзал Бейсенбекұлы, Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл, Қаржы министрлігі мен Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің құрылымдық бөлімшелері және аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысуда.
Кеңейтілген мәжіліс барысында Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және этикалық нормаларды сақтау", "ІМАК қызметінің негізгі нәтижелерін және 2021 жылға арналған рейтингтік бағасын, сондай-ақ 2022 жылға арналған міндеттерді талдау", "Жеке және заңды тұлғалардың қарсылықтары мен өтініштерін қарау және камералдық бақылау жүргізу нәтижелері бойынша аумақтық департаменттердің қызметін талдау", "Мемлекеттік аудитті цифрландыру. Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимыл және Тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану", "Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің заң қызметінің жалпы жай-күйі, сондай-ақ, заң қызметіне енгізілген жаңалықтар" тақырыптарына алған баяндамалар тыңдау және оны талқылау жоспарланған.








