Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

    ·
    Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

    Алматы облыстық мәслихатының Дін, тілдер, этносаралық қатынастар және ішкі саясат мәселелері бойынша, сондай-ақ Индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті және туризмді дамыту жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді.

    Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

    1. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында атқарылған жұмыстар туралы;

    2. Алматы облысының өңірлік нышанының жобасын талқылау;

    3. «Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы облысында инновацияларды дамыту және инвестициялар тарту бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебі және басқа да сұрақтар.

    Отырыста депутаттар мен жауапты мекеме өкілдері тарапынан ұсыныстар айтылып, алдағы кезеңге арналған бірқатар міндеттер айқындалды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар қабылданып, жұмыстарды одан әрі жүйелі жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары