
ҚР Парламенті депутаттары Ж. Жөргенбаев, З. Кузиев, Ж. Әшімжан және А. Назаровтың Алматы облысына жасаған жұмыс сапарының екінші күні Іле ауданында жалғасты.
Жұмыс сапары аясында облыстық мәслихат депутаттары Б. Нұрбеков, Н. Түймелиев, М. Увалиев, Н. Орынбасаров аумағында орналасқан «WILO Central Asia» өндірістік кешенінің жұмысымен танысты.
Сапар барысында делегация өндірістік цехтарды, заманауи технологиялармен жабдықталған желілерді және сервистік құрылымдарды аралап, кәсіпорынның өндірістік үдерісімен жан-жақты танысты. Компания мамандары шығарылатын өнім түрлері мен олардың ерекшеліктері жөнінде арнайы презентация ұсынып, кәсіпорынның алдағы даму жоспарларын таныстырды.
Айта кетейік, «WILO Central Asia» - Германиялық Wilo компаниясының Қазақстандағы ресми өкілі әрі Орталық Азиядағы маңызды өндірістік орталықтардың бірі. Компания тұрғын үй, коммерциялық, өнеркәсіптік және коммуналдық салаларға арналған заманауи насос және сорғы жүйелерін өндірумен, жеткізумен және сервистік қолдаумен айналысады.
Одан кейін Қонаев қаласындағы «Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС-ні аралады. Жұмыс сапарына облыстық мәслихат депутаттары Б.Нұрбеков, В.Горяной, Н.Орынбасаров қатысты.
Бұл зауытта құрама жем, ұн, сұйық май өндіріледі, өнім теміржол арқылы экспортқа жіберіледі. Жылдық қуаттылығы – 1 млн тонна, ал 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.
Өндіріс заманауи станоктармен жабдықталған, қаптау да өз ішінде жүзеге асады. Сондай-ақ, зертханалар сапаны бақылау үшін соңғы үлгідегі құралдармен қамтамасыз етілген.
Жалпы тартылған инвестиция көлемі – 15 млрд теңге, бұл өңірдің экономикасына және экспорттық әлеуетіне үлкен үлес қосады.
«Қапшағай бидай өнімдері» — Қазақстан нарығы мен халықаралық экспортқа бағытталған ірі агроөнеркәсіптік кәсіпорын.









