
Қызылорда облысында «Қазақ» атауының қайтарылғанына, Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара өтті.
Сыр өңіріне жұмыс сапарымен облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихат төрағалары шақырылды.
Аймақтың даму бағыттарымен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында аталған шараға Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаев қатысты.
Кездесуде аймақ басшысы жергілікті өкілді органмен бірлесіп атқарылған жұмыстарға тоқталып, ұлтымыздың «Қазақ» атауының қайтарылғанына, Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толу мерейтойына арнайы келген делегация мүшелеріне алғыс білдірді.
Мұндай басқосулар өңірлер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықты нығайтып, жергілікті өкілді органдардың тиімді жұмыс істеуіне жаңа серпін берері сөзсіз.









