Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел бірлігі мен тұрақтылығының тірегі

    ·
    Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел бірлігі мен тұрақтылығының тірегі

    Жамбыл ауданында «АССАМБЛЕЯ. ПАРЛАМЕНТ. МӘСЛИХАТТАР» жобасы аясында Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанұлының «Қазақстан халқы Ассамблеясы – елдегі ішкі тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында этномәдени бірлестіктердің және қоғамдық құрылым өкілдерімен кездесуі өтті.

    Кездесуге облыстық мәслихат депутаттары Тұрлашов Лаззат Махатұлы, Нұрдаулетов Сұлтан Нұрғайыпұлы, Жарасбаев Дәулет Жамалбекұлы, Гринченко Виталий Николаевич, Горяной Сергей Владимирович, Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертасұлы, аудандық мәслихат төрағасы, сондай-ақ зиялы қауым мен этнос өкілдері қатысты.

    Іс-шара барысында өңірдегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, этносаралық қатынастардың қазіргі жағдайы және олардың дамуына бағытталған шаралар кеңінен талқыланды.

    Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаев өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталып, халықты топтастыратын, татулық пен өзара түсіністікті нығайтатын бұл институттың қоғамдық келісімнің басты тетігі екенін атап өтті.

    Сонымен қатар, қатысушылар аймақтағы этномәдени бірлестіктердің жұмысы мен олардың әлеуметтік жобаларға қосып отырған үлесі туралы ой бөлісті.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары