1 қазан - Халықаралық қарттар күні

    ·
    1 қазан - Халықаралық қарттар күні

    Құрметті қазыналы қариялар мен облыс тұрғындары!


    Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Бұл күн – өмірін елінің өркендеуіне арнап, еңбегімен өскелең ұрпаққа өнеге болған қазыналы қарияларымызды ардақтайтын айрықша мереке.

    Сіздердің даналықтарыңыз бен өмірлік тәжірибелеріңіз – жас буынға жол көрсететін асыл қазына, елдің берекесі мен ырысының тұғыры.

    Қарттарын қадірлеген ел ешқашан тозбайды. Сондықтан қоғамдағы әрбір жетістігіміздің негізінде сіздердің ерен еңбектеріңіз, ақ баталарыңыз бен тәлімді тағылымдарыңыз бар екенін ерекше атап өткім келеді.

    Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, қуаныш пен шаттық тілеймін. Әр күніңіз мейірімге толы болып, өмір жолыңыз қуанышқа жалғассын!

    Ізгі ниетпен,
    Облыстық мәслихат төрағасы Қ.Байғоджаев

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары