
2026 жылғы 10 шілдеде "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоселов ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ мемлекеттік қызметшілерге "Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау қағидаларын түсіндіру" тақырыбында жалпы оқыту-семенар өткізілді. Бас маман Н. А. Рамазанова қатысушыларды кадрлық іс жүргізудегі негізгі өзгерістермен таныстырды, еңбек кітапшаларын толтыру кезіндегі типтік қателіктерге,сондай-ақ қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды дұрыс ресімдеуге назар аударды.
Іс-шара соңында қызметкерлер қызықтырған сұрақтарға жауаптар мен әдістемелік ұсынымдар алды.








