2026 жылғы 8 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Ембердиев «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Абай Рахметпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Tel Aviv University университетімен академиялық ынтымақтастықты дамыту және «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады. Қазақстандық мамандардың Израильдің жетекші жоғары оқу орындарының бірінде білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және ғылыми-білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.
Д. Ембердиев Tel Aviv University басшылығының «Болашақ» бағдарламасымен әріптестікті дамытуға қызығушылық танытып отырғанын атап өтіп, мұндай ынтымақтастық жоғары білікті кадрларды даярлауға және Қазақстан мен Израиль арасындағы академиялық алмасуларды кеңейтуге ықпал ететінін айтты.
Қазіргі уақытта Tel Aviv University «Болашақ» бағдарламасы бойынша ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне енгізілген. «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары жүзеге асырылған кезеңнен бері Израильде 145 қазақстандық маман білім алып, ғылыми тағылымдамадан өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және Қазақстан мен Израиль арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға дайын екендіктерін растады.
Израильдегі Қазақстан Елшілігі Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен академиялық әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады
Ұқсас материалдар

Зеренда әр елден келген 1500 жүгіру әуесқойын біріктірді
Ақмола облысының әкімдігіАшу
«Таза Қазақстан»: Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойынан кейін ауқымды тазалық жұмысы жүргізілді
Алматы облысының әкімдігіАшу
Экология министрі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы табиғат қорғау мекемелерінің жұмысымен танысты
ҚР ЭТРМАшу
Министр ІІМ-нің үздік жас офицерлерімен кездесті
ҚР ІІМАшу
ШЫМКЕНТТЕ «STREET FOOD FEST» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Шымкент қаласының әкімдігіАшу
"Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігі" жаңалықтары
Қазақстан мен Израиль спорт саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады
Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі ЕлшілігіАшуҚазақстанның Израильдегі Елшілігінде еңбек қатынастары саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі ЕлшілігіАшуИзраиль Кеден қызметінің басшысымен кездесу
Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі ЕлшілігіАшу
Қазақстан Елшісі Мигдаль-ха-Эмек қаласының мэрімен кездесті
Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі ЕлшілігіАшу
Құрылтай 2026
Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі ЕлшілігіАшу