
Алматы қаласы Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) жұмысының маңызды бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру.
Барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматта, тегін негізде, заңнамада белгіленген мерзімде көрсетіледі. Бюрократиялық әуре-сарсаңды болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметтерді алу үшін қызметті алушы белгіленген нысан бойынша өтініш, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесіне сәйкес құжаттар мен мәліметтерді " электрондық үкіметтің "веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz. арқылы қызметті берушіге жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушыға өтініш беруге де, оның барлық кезеңдерінде мемлекеттік қызмет көрсетуді қадағалауға да, мемлекеттік қызмет нәтижесін портал арқылы өзіне ыңғайлы жерлерде (үйде, жұмыста) алуға мүмкіндік беріледі.
Есепті кезеңде Басқармаға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге 376 өтініш келіп түсті. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 138 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - СЭҚ) берілді. Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну және анықталған бұзушылықтар нәтижесінде 37 дәлелді бас тарту берілді. 162 өтініш кері қайтарылып алынды, 6- өтініш кері қайта рәсімделді, корректировка-1, тоқтатылды-24, жұмыс барысында-8.
Көрсетілген кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Басқарма мамандары бизнес өкілдеріне тұрақты түрде мемлекеттік қызметтерді алу бойынша көмек көрсетеді. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың маусым айында Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп кәсіпкерлік субьектілеріне семинар өткізілді. Семинар барысында кәсіпкерлерге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу алу бойынша көмек көрсетіліп, қажетті кеңестер берілді. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша кеңес алу қажет болған жағдайда Алматы қаласы Жетісу-3 шағыны, 64-үй мекенжайы бойынша жүгінуге болады.
Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының басым міндеттерінің бірі болып қала береді!









