Қаратау ауданында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық акция өтті

    ·
    Қаратау ауданында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық акция өтті

    Шымкент қаласының Қаратау ауданында интернет-алаяқтық пен киберқылмыстардың алдын алу мақсатында кезекті профилактикалық акция ұйымдастырылды.

    Іс-шара аясында Қаратау аудандық полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері «DUR PLAZA» сауда үйінде тұрғындармен кездесіп, интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Полиция қызметкерлері азаматтарға жеке деректерді қорғаудың маңыздылығын, күмәнді сілтемелерге өтпеу, банк картасының деректерін, CVV-код пен SMS арқылы келетін растау кодтарын бөгде адамдарға бермеу қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылып, интернет кеңістігінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде кеңестер берілді.

    📢 Қаратау аудандық полиция басқармасы азаматтарды қырағылық танытуға, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге және алаяқтық белгілері байқалған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары