2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді

    Ағымдағы жылдың 7 шілде күні Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Атырау қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының кәсіби тұрақты негізінде жұмыс жасайтын мүшелеріне арналған 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді.

    Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізудің Күнтізбелік жоспары, сайлау заңнамасындағы жаңа өзгерістер, жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қатысушылардың тәжірибелік дағдыларын арттыру мақсатында кейстермен және сайлау құжаттарымен жұмыс жүргізілді.

    Семинар қорытындысы бойынша комиссия мүшелерінің білімін бағалау мақсатында тестілеу өткізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының әкімдігі" жаңалықтары