Астанада Қ. Аманжолов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

    Астанада Қ. Аманжолов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

    Астанада Қ. Аманжолов көшесін Ш. Қалдаяқов көшесінен Райымбек батыр көшесіне дейінгі аралықта кабельдік кәріз желісін салу жұмысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Осыған байланысты, 9-15 шілде аралығында Қ. Аманжолов көшесі бойымен Райымбек батыр көшесінен Ш. Қалдаяқов көшесі бағытына, сондай-ақ Ш. Қалдаяқов көшесінен Райымбек батыр көшесі бағытына көлік қозғалысы толықтай жабылатын болады.

    Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары