
🌍 Қарашілік ауылдық округінің тұрғындары!
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу енді бұрынғыдан да жеңіл әрі қолжетімді. Ең көп сұранысқа ие қызметтерді онлайн немесе кеңсе арқылы рәсімдеуге болады.
📌 Негізгі қызметтер:
- Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту – egov.kz немесе кеңсе арқылы.
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – egov.kz немесе ХҚКО.
- Сауда-саттықсыз мемлекет меншігіндегі жер учаскесіне құқық алу – egov.kz немесе ХҚКО.
- Қала аумағында жер учаскесіне құқық алу – тек egov.kz арқылы.
- Жерге орналастыру жобаларын бекіту – egov.kz арқылы.
✅ Барлық қызметтерді электронды түрде egov.kz порталынан рәсімдеуге болады. Бұл уақытты үнемдейді және құжат айналымын жеңілдетеді.







