Исатай және Махамбет аудандарының шекарасындағы қамыс өрті сөндірілді

    Исатай және Махамбет аудандарының шекарасындағы қамыс өрті сөндірілді

    Сағат 16:40-тағы жағдай бойынша Каспий теңізіне таяу жерде, Исатай және Махамбет аудандарының шекарасында тұтанған қамыс өрті толықтай сөндірілді.

    Жалын 93 гектар аумақты шарпыған. Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының күшімен 58 гектар өрт сөндірілсе, 35 гектар аумақтағы өрт өздігінен өшкен.

    Елді мекендерге қауіп жоқ.

    Өрттің қайта тұтануына жол бермеу мақсатында оқиға орнында жауапты қызмет мамандары кезекшілікте тұр.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының әкімдігі" жаңалықтары