«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты іс-шара өтті

    ·
    «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты іс-шара өтті

    «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты іс-шара өтті

    Бүгін Барлыбек Сырттанов ауылдық округі әкімдігінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда адалдық, әділдік және заңдылық қағидаттарын нығайту, мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болды.

    Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ заң талаптарын қатаң сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар адал еңбек ету, мемлекеттік мүлікті ұқыпты пайдалану және қоғамдық жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.

    Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың ортақ міндеті екендігі атап өтіліп, қоғамда парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын қалыптастыруға бірлесіп үлес қосу қажеттігі айтылды.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – құқықтық мемлекет пен әділетті қоғам құрудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары