Мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

    Мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

    Қостанай аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 9 шілдеде сағат 11.00-де Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65 мекенжайы бойынша аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.

    Кезектен тыс сессиясының күн тәртібі:

    1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
    2. Қостанай ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы.
    3. Мәслихаттың 2022 жылғы 29 шілдедегі № 195 «Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
    4. Мәслихаттың 2025 жылғы 27 маусымдағы № 286 «Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік немесе өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
    5. Қостанай аудандық мәслихаты сессиясының жұмысына үзіліс жасау туралы.
    6. Мәслихаттың 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 168 «Қостанай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
    7. Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

    Онлайн-трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/@maslihatkst/videos

    Ұқсас материалдар

    ""Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары