2026 жылғы 9 қыркүйекте Қоғамдық кеңестің мүшелері Қостанай ауданының әлеуметтік нысандарын жүйелі түрде аралады.

    2026 жылғы 9 қыркүйекте Қоғамдық кеңестің мүшелері Қостанай ауданының әлеуметтік нысандарын жүйелі түрде аралады.

    2026 жылғы 9 қыркүйекте, Қостанай ауданының әкімі Нұрғалиев Олжас Жеңісұлының көмегімен, Қоғамдық кеңестің мүшелері Қостанай ауданының әлеуметтік нысандарын жүйелі түрде аралады.

    Заречное ауылында бізге «Қазақ тұлпары» ЖШС-на баруға мүмкіндік туды — ол Костанай тұқымдағы таза тұқымды жылқыларды өсірумен айналысады. Біз қораларда ұсталып тұрған тұқымды жылқыларды көрдік, ал жұмысқа арналған жылқылар — жеке, Осиновка ауылында орналасқан. «Қазақ тұлпары» аумағында ат спорты мектебі бар.

    Қуана-қуана Мичурин ауылдық округінде облыс тұрғындары мен Қостанай ауданының жақын елді мекендері үшін көпшілік демалысына арналған жаңа аймақты көрдік, ол қылқан жапырақты ағаштардың арасында салынып жатыр. «Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі бөлімі» ММ басшысы Петрухно Д. В. қала төңірегіндегі эко паркінде спортпен айналысуға, эмоционалды демалуға және денсаулықты жақсартуға жағдайлар жасалып жатқанын толық айтып берді.

    Сонымен қатар «Астана» және «Бәйтерек» құрылыс үстіндегі микроаудандарын да аралады, онда 150-ден астам жаңа тұрғын үй кешендері, өңірдегі ең ірі спорт кешені, көпсалалы аурухана және Қазақстан картасы пішініндегі бірегей саябақ салынатын болады. Барлығы осы «Астана» және «Бәйтерек» микроаудандарында, Тобыл қаласында, Қостанай қаласының орталығынан бес минуттық жерде салынады. Үйлерге тікелей жақын медициналық, спорттық және білім беру объектілері орналасады. Болашақ тұрғындар үшін барлық қажетті жағдайлар дайындалатын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары